23.08.2025, 18:43
Жаңалықтар
Алдағы үш күнде мегаполистерде ауа райы қандай болады
Қазгидромет үш ірі қалаға арналған ауа райы болжамын жариялады
Фото: Azattyq-ruhy
Қазгидромет үш ірі қалада алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанадағы ауа райы
Астанада демалыс күндері жауын-шашынсыз, күн жылы болады.
- 24–25 тамыз – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде +11…+13°С, күндіз +25…+27°С.
- 26 тамыз – күн ашық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады. Ауа температурасы түнде +11…+13°С, күндіз +27…+29°С.
Алматыдағы ауа райы
Алматыда алғашқы күні өткінші жаңбыр күтілгенімен, кейін күн ашылып, ыстық болмақ.
- 24 тамыз – ауыспалы бұлттылық, өткінші жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с, екпіні 18 м/с. Температура түнде +16…+18°С, күндіз +27…+29°С.
- 25 тамыз – жауын-шашынсыз, күн ашық. Шығыстан соққан жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18°С, күндіз +29…+31°С.
- 26 тамыз – жауын-шашынсыз. Түнгі температура +19…+21°С, күндіз +31…+33°С.
Шымкенттегі ауа райы
Шымкентте үш күн бойы аптап ыстық сақталады.
- 24 тамыз – күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 8–13 м/с. Түнде +17…+19°С, күндіз +34…+36°С.
- 25 тамыз – ауа райы тұрақты, жауын-шашынсыз. Түнгі температура +19…+21°С, күндіз +35…+37°С.
- 26 тамыз – жауын-шашынсыз ыстық күн. Ауа температурасы түнде +19…+21°С, күндіз +35…+37°С.
Көп оқылған
08.07.2026, 17:14
Сталкинг пе, қылмыс па: Атырауда әйел адам экс-сүйіктісінен қашамын деп өзі сотталып кетті (ВИДЕО)
08.07.2026, 15:58
Теңге нығайып келе ме: 8 шілдеге арналған доллар бағамы жарияланды
08.07.2026, 10:40
Шығын – 2 млрд теңге: Қарағанды облысында темір кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатқандар сотталды
08.07.2026, 17:53
Астанада ММА файтері сахнада боқтаймын деп басы дауға қалды (ВИДЕО)