Алматыда әлемге танымал италиялық тенор Андреа Бочеллидің концерті өтеді
30 жылдан астам өнер жолында 90 миллионнан астам альбомы сатылған
Almaty Arena сахнасында 28 қазан күні әйгілі италиялық тенор Андреа Бочелли өнер көрсетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Андреа Бочелли – опера мен поп-музыканы тамаша үйлестіретін әлемге әйгілі вокалист. Бала кезінен көзі көрмесе де, талантымен әлемге танылды.
Танымалдылығы мен жетістіктері
30 жылдан астам өнер жолында 90 миллионнан астам альбомы сатылды.
Оның әндері миллиардтаған тыңдалым жинаған.
Бочелли – итальян мәдениетінің символы, Дженнифер Лопес, Кристина Агилера, Дуа Липа, Тони Беннетт сынды әлемдік жұлдыздармен дуэт орындаған.
Алматыдағы концертте не күтеміз?
Концерт бағдарламасында танымал ариялар, әлемдік хиттер және Андреа Бочеллидің бірегей интерпретациялары шырқалады.
Билеттер 25 тамыздан бастап Freedom Ticketon сатылымға шығады.