$ 537.75  626.43  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әуе жолы, теміржол: енді қазақстандықтардың әрбір сапары ІІМ назарында болады

Қазақстанда 31 тамыздан бастап жолаушылар деректері берілмек

Әуе жолы, теміржол: енді қазақстандықтардың әрбір сапары ІІМ назарында болады
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда 31 тамыздан бастап әуе, теміржол және теңіз көліктерімен жүретін жолаушылар туралы мәліметтер құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға берілетін болды. Тиісті бұйрыққа Қазақстанның көлік министрінің міндетін атқарушы қол қойды. Бұл өзгерістер халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін енгізілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әуе тасымалы. Әуе компаниялары, оның ішінде шетелдік тасымалдаушылар да, жолаушылар мен экипаж туралы деректерді екі мәрте – рейске 48 сағат қалғанда және тіркеу аяқталған соң жолдайды. Мәліметтер құрамында аты-жөні, туған күні, жынысы, азаматтығы, құжат деректері, рейс нөмірі, ұшып шығу және келу уақыты мен бағыты, орын нөмірі, багаж ақпараты және (жолаушы келіссе) байланыс деректері болады.

Теміржол және теңіз көлігі. Пойыз билеттері туралы ақпарат тәулігіне бес ретке дейін, ал теңіз көлігі бойынша тәулігіне төрт ретке дейін жолданады. Жиналатын деректердің ішінде жолаушының аты-жөні, құжат деректері, сапар бағыты және келісім болса, байланыс нөмірі бар.

Жалпы ереже. Барлық мәлімет Астана уақыты бойынша тіркеледі және бес жыл бойы сақталады. Сонымен қатар этникалық шығу тегі, саяси көзқарас, діни немесе философиялық сенім, кәсіподаққа қатыстылық пен жыныстық бағдар сияқты жеке мәліметтерді жинауға тыйым салынған.

Серіктес жаңалықтары