Тағы да пранк: Астанада блогер бойжеткенді шошытқаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО)
26 жастағы қала тұрғынын полицейлер ұстады
Астанада орынсыз пранк жасап, бойжеткенді шошытқан ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерді бақылау барысында полиция қызметкерлері ер адамның қорқынышты костюм киіп, лифт істен шыққандай етіп көрсетіп, қыз баланы әдейі шошытқан видеосын анықтады.
«Осы оқиға бойынша 26 жастағы қала тұрғыны полицияға жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды.
Полиция мұндай «әзілге» жол берілмейтінін еске салып, азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтап, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға шақырады», – делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда көше сыпыратын әйелдің намысына тиетін сөздер айтып, пранк жасаған блогер сотталғаны хабарланған болатын.