Елордада Kazinform агенттігінің 105 жылдығына арналған көрме ашылды
Фотокөрмеге тарихи суреттер қойылған

Бүгін Астанада «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінің 105 жылдығына арналған ерекше фотокөрме ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан тарихы Kazinform-ның фотосуреттерінде» атты экспозицияда 1930 жылдардан бүгінгі күнге дейінгі ел тарихындағы маңызды сәттерді бейнелейтін 180-нен астам архифті және эксклюзив сурет қойылған.
«Kazinform» ақпарат агенттігінің басқарушы директоры Нағашыбек Алдан көрмеде түрлі тарихи сәттер бейнеленгенін айтты.
«Көрменің ерекшелігі - бүгін халық назарына алғаш рет ұсынылып отырған суреттерді көре аласыздар. Көрмеге қойылған туындылар осы күнге жетуі үшін тынбай еңбек еткен әріптестерімізге рақмет»,- дейді Нағашыбек Алдан.
Көрменің ашылу салтанатында қоғам белсенділері, парламент депутаттары мен қонақтар сөз сөйледі. Фотокөрме мына тарихи кезеңдерді қамтиды:
- соғысқа дейінгі жылдар
- Екінші дүниежүзілік соғыс
- индустрияландыру
- тың игеру кезеңі
- тәуелсіздіктің алғашқы жылдары
- Алматы мен Астананың қалыптасу шежіресі.