$ 538.33  626.99  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда Lexus-пен алты көлікке соғылып, бір адамды өлтірген кәсіпкер 2,6 жылға ғана сотталды

Ол қаланың ішінде сағатына 150 шақырымға жуық жылдамдықпен жүрген

Қарағандыда Lexus-пен алты көлікке соғылып, бір адамды өлтірген кәсіпкер 2,6 жылға ғана сотталды
Фото: Видеодан скрин

Қарағандыда алты көліктің соқтығысуына себепкер болып, бір адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі кәсіпкер Сергей Камаевқа қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қауіпті жылдамдық және ереже бұзу

Сот дерегінше, 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Lexus LX570 автокөлігін тізгіндеген Камаев қала көшесінде сағатына 150 шақырымға жуық жылдамдықпен қозғалып, қызыл жарыққа өтіп кеткен. Салдарынан ол бірнеше көлікпен соқтығысты.

Материалдарда айыпталушының қауіпсіз қашықтықты сақтамағаны, тыйым салынған бағдаршам түсіне өткендігі және жол жағдайын бағаламағаны атап өтілген.

Сот шешімі

Сот оның кінәсін мойындағанын және Ауғанстандағы әскери қимылдарға қатысқанын жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріп, Камаевты 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сондай-ақ ол 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ

Бұл оқиға 2024 жылдың қыркүйегінде қалада үлкен резонанс тудырған. Жол апатында алты көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, үш адам жарақат алды, оның ішінде жүкті әйел де болған.

Серіктес жаңалықтары