Синоптиктер болжамы белгілі болды
«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері солтүстік-батыс циклонының ықпалы республиканың басым бөлігіне сақталады – найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.
Ауа райы кезеңнің соңына қарай республика батысы мен солтүстік-батысына батыс антициклонының тарамы ығысып, жауын-шашынның тоқтауы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте түнде және таңертең – тұман.