Қызылорда облысында әйел адам көшеде ұйықтаймын деп соттан бір-ақ шықты

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол қамауға алынды

Фото: Freepik.com

Қызылорда облысында 12 тамыз күні мас күйінде көшеде ұйықтап қалған әйелге қатысты әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Соттағы іс

Жалағаш аудандық соттың мәліметінше, әйел қоғамдық орындарда мас күйде болу ережесін екінші рет бұзған. Ол көшеде ұйықтап, адамгершілікке жат қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Шешім

Сотта азаматша өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Дегенмен қаулымен оған 1 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.