Вьетнамнан демалып келген қазақстандық әуежайға қонған бетте қамауға алынды
Астана әуежайында мас жолаушы ұшақтан түсірілді

Астана халықаралық әуежайында Камрань – Астана рейсімен келген 30 жастағы елорда тұрғыны мас күйінде ұшақта жанжал шығарғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұшақтағы оқиға
Мәліметке сүйенсек, ер адам рейс кезінде айғайлап, бейәдеп сөздер айтқан және экипаждың заңды талаптарына бағынбаған. Оқиғаға байланысты көліктегі полиция қызметкерлері оны ұшақтан түсіріп, әкімшілік хаттама толтырды.
Сот шешімі
Сот қаулысымен тәртіп бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар ол қоғамдық орында мас күйде жүру, спирттік ішімдік ішу және әуе кемесіндегі тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көліктегі полиция департаменті азаматтарға қоғамдық орындарда, әсіресе әуе рейстерінде тәртіп сақтаудың маңыздылығын ескертеді.