Қырықтағы еркек қарт анасын әкесінің көзіне шөп салғаны үшін бірнеше рет зорлады
Адам шошырлық оқиға Дели қаласында 1-14 тамыз аралығында болған

Үндістанда қырықтағы еркек әкесінің көзіне шөп салғаны үшін қарт анасын бірнеше рет зорлады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Patrika News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Адам шошырлық оқиға Дели қаласында 1-14 тамыз аралығында болған. Алдын ала мәліметтерге сүйенер болсақ, ер адам әкесіне анасымен ажырасуды сұраған. Айтуынша, бала күнінде анасының көз алдында басқа еркектермен жыныстық қатынаста болғанына куәгер болған.
Осыдан кейін ол анасына шабуыл жасап, сол жерде зорлаған. Тағы бір күні бұл әрекетін кезекті рет қайталаған.
65 жастағы анасының айтуынша, ұлы мұндай арсыз әрекетін жаза ретінде орындады деп түсіндірген.
Бұл жағдай екінші мәрте қайталанған соң әйел адам 25 жастағы қызымен бірге Хауз-Кази полиция участогына жүгініп, көмек сұраған. Медициналық тексерістен кейін қарт кісінің зорланғаны дәлелденді.
Осыған байланысты 39 жастағы ұлының үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр.