Әкімдік жергілікті тұрғындарға ескерту жасады
Шығыс Қазақстанда әкімдік ғимаратының жанында аюдың жүргені туралы видео тарады. Оқиға Серебрянск қаласында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жабайы аңның видеосы Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланып, лезде ондаған мың қаралым жинады. Кадрларда қоңыр аюдың қала аумағында емін-еркін жүргені, өтіп бара жатқан адамдарға назар аудармағаны көрінеді.
«Әйтсе де, қоңыр аюдың Серебрянск әкімдігіне қоятын сұрақтары бар сияқты, сондықтан өзі барған сыңайлы», – делінген әзілі аралас жазбада.
Серебрянск әкімдігі жабайы аңның ғимарат алдында жүргені туралы ақпаратты растады. Мәліметті тексеру және жануарды іздеу үшін жедел әрекет ету жасағы жіберілген.
Кейін шенеуніктер ресми мәлімдеме жасап, мамандар жағдайды бақылауда ұстап отырғанын жеткізді. Ақпарат әкімдіктің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.
«Аюмен кездесуді және оның шабуыл жасау ықтималдығын азайтуға көмектесетін ережелерді сақтаңыз. Аса қажет болмаса сағат 18:00-ден кейін көшеге шықпаңыз. Тамақ қалдықтарын бет алды тастамаңыз. Тамақтың иісі аюларды тартады. Егер қоқысты шығару мүмкін болмаса, тамақ қалдықтарын жою керек – өртеу немесе көміп тастау.
Елді мекеннен тыс демалыс орындарында абай және сақ болыңыз, демалушылардың негізгі тобынан алыстамаңыз. Жалғыз адамның аюдың шабуылына ұшырау мүмкіндігі әлдеқайда жоғары. Балаларыңызды өзіңізден алысқа жібермеңіз, оларды үнемі назарда ұстаңыз», – делінген акимат хабарламасында.
Шенеуніктер тұрғындарға жабайы аюларды мүлде тамақтандыруға болмайтынын, оған жақындауға да қатаң тыйым салынатынын еске салды. Әсіресе, қонжықтарға жақындау өте қауіпті – мұндай әрекет аюдың агрессиясын тудыруы мүмкін. Егер жануарды көлік терезесінен байқасаңыз, оны дәм татқызуға шақырмаған жөн.
Аюмен кездескен жағдайда есте сақтау қажет: