Қайғылы оқиғаны облыстық Полиция департаменті растады
Қайғылы жағдай 18 тамыз күні Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданына қарасты Кенжеғалы ауылында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиғаны облыстық Полиция департаменті растап, агенттік тілшісіне пікір білдірді.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Аққайың ауданында кәмелетке толмаған баланың қайтыс болуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Полиция болған жағдайдың мән-жайы мен себептерін анықтау үшін қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», – делінген ПД мәлімдемесінде.