$ 540  630.72  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атом агенттігі Алматы облысындағы АЭС-тің атауын анықтайтын байқауға дайындала бастады

Конкурсқа дайындық басталды

Атом агенттігі Алматы облысындағы АЭС-тің атауын анықтайтын байқауға дайындала бастады
Фото: Freepik

Атом энергиясы жөніндегі агенттік Алматы облысының Жамбыл ауданында салынады деп жоспарланған атом электр станциясына атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурсты ұйымдастыру жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Қазақстан президентінің ұсынысына сәйкес, агенттіктің бұйрығымен 29 тамызға дейін конкурсты өткізу алгоритмін және оның мерзімдері мен ұсыныстарды қабылдау және қарау тәртібін қамтитын ережелер жобасын әзірлеу тапсырылған жұмыс тобы құрылды», - деп хабарлады агенттік.
 

Комиссияның құрамына қоғам өкілдері, креативтік индустрия мамандары, атом энергетикасы, филология және тарих салаларының сарапшылары кірмек. Агенттік сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары мен ресми байланыс арналарын пайдалана отырып, ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізеді.

 

Серіктес жаңалықтары