18.08.2025, 08:11
Жаңалықтар
Ақтөбеде көпбалалы ананың мәйіті табылды
Қайғылы оқиғаның түнгі уақытта болғаны анықталды
Фото: istockphoto.com
Қайғылы оқиға Ақтөбеде 16 тамызға қараған түні болды. 30 жастағы әйелдің артында төрт баласы қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі ««Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Ерлі-зайыпты кешкісін қонақтан үйлеріне оралған. Түнде күйеуі мен балалары ұйықтап жатқанда, әйел бөлмеге кіріп, өз-өзіне қол жұмсаған.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем дәрігерлері оның көз жұмғанын ғана тіркеді. Полиция тексеріс жүргізіп, қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.
Басылымның дерегінше, отбасы 2024 жылы Атырау облысынан Ақтөбеге қоныс аударған.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 18:08
Ақтөбеде тәртіп сақшылары қажылыққа бара жатқан шетелдік азаматқа көмектесті (ВИДЕО)
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
