Ластану қай жерде байқалғаны анықталды
«Прозрачный мир» жобасының экологтары таратқан мәліметке сүйенсек, Каспий теңізінде көлемі 82 шаршы шақырымнан асатын қара дақ анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Sentinel-1A жер серігінің суреттерінде көрінген бұл ластану Құрық – Баку бағытындағы кеме қатынасы жолы бойында байқалған. Ластану көлемі Қазақстан мен Әзербайжан акваторияларын қамтыған. Мамандардың болжамынша, бұл май төгіндісі немесе балық шаруашылығы қалдықтары болуы мүмкін.
Мамандар жағдайдың қауіптілігін ерекше атап өтті:
«Мұндай деңгейдегі ластану көлемі алаңдаушылық туғызады: бұл кездейсоқ «лас жолақ» емес, Каспий картасында анық көрінетін қара таңба. Егер мұндай төгінділер жалғаса берсе, теңіз экожүйесі шыдас бермейді», – дейді экологтар.