$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте жасөспірім футболшылар арасындағы төбелес: полиция түсініктеме берді

Әдеттегі спорттық бәсекелестік үлкен жанжалға ұласқан

Шымкентте жасөспірім футболшылар арасындағы төбелес: полиция түсініктеме берді
Фото: Видеодан скрин

Шымкент қалалық полиция департаменті Қазақстан чемпионатының 2011 жылы туған футболшылар арасындағы ойында болған жаппай төбелеске қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның мән-жайы

Қақтығыстың толық себептері әзірге жария етілмеген. Белгілісі, алаңда «Тұран» мен «Екібастұз» командалары кездескен. Әдеттегі спорттық бәсекелестік үлкен жанжалға ұласқан.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі жаппай төбелестің болғанын растады және тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Шымкент қаласы полиция департаменті спорт кешені «Биікте» болған топтық жанжал фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысы бар барлық адам анықталып, полицияға жеткізілді», – делінген хабарламада.

Ешкім жарақат алған жоқ

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда полицияға немесе медициналық мекемелерге жарақат алғандар туралы шағым түспеген.

«Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп мәлімдеді ведомство.

Айта кетейік, аталмыш кездесуде төбелескен футболшылар өмір бойына дисквалификация алуы мүмкін екені хабарланған.

Серіктес жаңалықтары