Семейде жасөспірім қыз бала ата-анасымен ренжісіп қалғаннан кейін үйінен қашып кеткен

Автор: Мөлдір Қазыбай

Жасөспірімді іздеуге полиция қызметкерлері де жұмылды

Фото: Абай облысы ПД

Семейде жоғалып кеткен 13 жастағы Әмина Мұхтар табылды. Үйінен шығып кетіп, ұшты-күйлі жоғалып кеткен жасөспірім аман-есен қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қыз бала қалай табылды

Оқиға 2025 жылдың 16 тамызында болған. Әмина ата-анасымен ренжісіп қалғаннан кейін Семейдегі үйінен шығып кеткен. Біраз уақыттан соң оны Шығыс кенті маңынан көрген.

Жасөспірімді әпкесі тауып, бірден полицияға хабар берген.

«Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері мен туыстарының көмегінің арқасында жасөспірім қыз аман-есен үйіне қайтарылды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Алдағы шаралар

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, қыз баланың үйінен кетуіне ұялы телефонын пайдалануға қойылған шектеулер себеп болған. Алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.