Жаңбыр, найзағай, өрт қаупі: жексенбі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

«Қазгидромет» болжамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, бұршақ, жел және найзағай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көкшетауда найзағай күтіледі.

Қарағанды қаласында, Қарағанды және Ақмола облыстарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, найзағай, жел соғуы және төтенше өрт қаупі күтіледі.

Алматы, Қонаев, Шымкент, Түркістан, Тараз қалаларында және Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Семей, Жезқазған қалаларында, Алматы, Абай, Жамбыл, Ұлытау және Түркістан облыстарында найзағай соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жететін екпінді жел және төтенше өрт қаупі болжанып отыр.