Геннадий Головкин де тақтай сындырды (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Боксшы жай соққымен-ақ тақтайды қақ бөлген

Фото: видеодан скриншот

Ұлттық олимпиадалық комитеттің президенті, белгілі кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Астанадағы таеквондодан халықаралық турнирдің ашылу салтанатында өз аты жазылған тақтайды сындырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің Instagram-да жариялаған видеосынан Головкиннің Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чоу ұстап тұрған тақтайды сындырғанын көруге болады. Боксшы жай соққымен-ақ тақтайды қақ бөлген.

Еске сала кетейік, Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше құрметтің белгісі ретінде тоғызыншы дан қара белбеуін табыс еткен болатын. Ресми бөлімнен кейін мәртебелі қонақ мемлекет басшысына жекпе-жек өнерінің дәстүріне сай ағаш тақтайды сындырып көруді ұсынды.

Видеода Қасым-Жомарт Кемелұлы жымиып: «Really?» («Шынымен бе?») – деп сұрайды. Ұсыныстың әзіл емес екеніне көз жеткізгеннен кейін, президент бір соққымен тақтайды оп-оңай қақ бөлді.

Ал Қазақстан президенті әлемде таеквондоның дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Чунгвон Чоуды ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.