Тоқаев ағаш тақтайды бір соққымен ортасынан қақ бөлді (ВИДЕО)
Тоқаев Дүниежүзілік таеквондо федерациясының президентімен кездесті

Бүгін Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік таеквондо федерациясының президенті Чхве Чжунвонмен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ресми бөлімнен кейін мәртебелі қонақ мемлекет басшысына жекпе-жек өнерінің дәстүріне сай ағаш тақтайды сындырып көруді ұсынды. Бұл сәттің видеосын журналист Әділ Балтабаев желідегі парақшасында жариялады.
Видеода Қасым-Жомарт Кемелұлы жымиып: «Really?» («Шынымен бе?») – деп сұрайды. Ұсыныстың әзіл емес екеніне көз жеткізгеннен кейін, президент бір соққымен тақтайды оп-оңай қақ бөлді.
Кездесу барысында мемлекет басшысы Чхве Чжунвонды таеквондоны бүкіл әлемде дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Өз кезегінде федерация басшысы Қазақстан президентіне есімі жазылған қара белбеуін табыстады.