$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Текелі қалалық ауруханасында 115 дәрігерге миллиондаған теңге өтемақы төленбеген

Жетісу облысында прокурорлардың араласуымен 181 жұмысшыға 30 млн теңгеден астам жалақы мен үстемеақы төленді

Текелі қалалық ауруханасында 115 дәрігерге миллиондаған теңге өтемақы төленбеген
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Жетісу облысында прокурорлар араласқаннан кейін жұмысшылардың еңбекақы және үстеме жұмыс үшін тиесілі төлемдері толық берілді. Жалпы өтелген сома 30 млн теңгеден асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

66 жұмысшыға 16 млн теңге жалақы берілмеген

Тексеру кезінде «Жаркент Фрукт» ЖШС 66 қызметкеріне 16 млн теңгеден астам еңбекақы төлемегені анықталды. Бұл олардың Конституцияның 24-бабында бекітілген еңбекақы алу құқығын бұзған.

115 медицина қызметкеріне үстеме жұмыс үшін 15 млн теңге төленбеген

Сонымен қатар, Текелі қалалық ауруханасында 115 медицина қызметкері белгіленген кестеден тыс жұмыс істегенімен, үстемеақысын ала алмаған. Қарыз мөлшері — 15 млн теңгеден астам.

Жұмыс берушілер жауапқа тартылды

Панфилов ауданы мен Текелі қаласының прокурорлары енгізген қадағалау актілерінің нәтижесінде жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал қызметкерлердің еңбегі толық өтелді.

181 адамның конституциялық құқығы қорғалды

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде 181 жұмысшының құқықтары қалпына келтірілді.

Серіктес жаңалықтары