Айбек Сейітов «Дженнифер Лопестің концертіне бардың ба?» деп сұрағандарға жауап берді
Бүркіт деген лақап атпен танылған әнші Айбек Сейітов әйелін әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопеспен салыстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүркіттің Instagram-да жариялаған видеосы желіде қызу талқыланды.
«Сәлеметсіздер ме. Бәрі менен Дженнифер Лопестің концертіне бардың ба деп сұрап жатыр. Ол маған не үшін керек? Менің өз ханшайымым тұрғанда», - дейді өнер иесі.
Оның сөзінен кейін экранға әйелі Аиша шығады.
«Өз ханшайымыңызды бағалап, қамқорлық жасаңыз», - деп жазды ол видеоның астына.
Желі қолданушылары төрт баланың анасының сұлулығына тәнті болып жатыр. Бұлай салыстыру орынсыз екенін айтқандар да табылды.
«Қандай әдемі ханшайым!», «Әрине, мұндай ханшайымды бағалау керек», «Керемет жұпсыздар, сіздерді жақсы көремін», «Аиша оған қарағанда әдемі», «Сандырақ. Әр адамның өз ханшайымы болады. Мұндай деңгейдегі концертке бару мүмкіндігін жіберіп алмау керек», - деп жазды олар.
Еске сала кетейік, Аишаның жастық шағында билеген биі елді таңғалдырған болатын. Жұрт оның қимыл-қозғалысын, биін әйгілі колумбиялық атақты әнші Шакираға теңеді.