Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл жағдайдан қалай сақтануға болатынын түсіндірді
Банк шоты түрлі себеппен бұғатталуы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мұндай жағдайда не істеу қажет екенін еске салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Егер шотқа кіру шектелгенін байқасаңыз, алдымен банктің мобильді қосымшасындағы хабарламаларды тексеріңіз – себебі сол жерде жазылуы мүмкін. Толық ақпарат алу үшін колл-орталық арқылы банкке немесе жақын жердегі бөлімшеге хабарласыңыз. Қолжетімділікті қалпына келтіру үшін қандай әрекеттер қажет екенін нақтылаңыз.
«eGov.kz немесе салық төлеушінің кабинеті арқылы ықтимал берешектің болуын тексеріңіз. Қажет болса, қаражаттың пайда болу көзін растайтын құжаттар дайындап, ұсыныңыз», - деп жазылған хабарламада.
Егер банк түсініктеме бермесе немесе шара қолданбаса, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағым түсіре аласыз.
Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар.