$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте көліктен қою түтін шығарған жүргізуші қамауға алынды (ВИДЕО)

Жас жігіт көлік көп жүретін көшеде өзге жүргізушілерге қауіп төндірген

Шымкентте көліктен қою түтін шығарған жүргізуші қамауға алынды (ВИДЕО)
Фото: Шымкент полиция департаменті

Шымкентте жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше жол қозғалысы қағидалары мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған 20 жастағы автокөлік жүргізушісін полицейлер бейнебақылау камералары арқылы анықтаған.

«Ер адам көлік көп жүретін көшеде авариялық жағдай туғызып, өзге жүргізушілерге қауіп төндірген», - деп жазылған хабарламада.

Полицияның мәліметінше бұзақы заңсыз қайта жабдықталған көлік құралынан қою түтін шығарып, жолды көру мүмкіндігін нашарлатып, қозғалыс қатысушыларына кедергі келтірген.

«Патрульдік полицейлер құқық бұзушыны тоқтатып, оған қатысты ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша, соның ішінде ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік хаттамалар толтырды. Ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - дейді полийейлер.

Оның темір тұлпары айып тұрағына қойылды.

Полиция қоғамдық тәртіп пен жол жүру ережесін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.

Серіктес жаңалықтары