13.08.2025, 12:52
Жаңалықтар
Шавкат Рахмонов UFC-дегі 3-орнын сақтап қалды
UFC Лас-Вегаста өткен турнирден кейін жаңартылған рейтингті жариялады
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94
Абсолютті жекпе-жек чемпионаты (UFC) Лас-Вегаста өткен турнирден кейінгі жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы (77,1 кг дейін) үшінші орнын сақтап қалды. Отандасымыз Асу Алмабаев та жеңіл салмақтағы (56,7 кг дейін) тоғызыншы орнын қорғап қалды.
Жақында Грузия спортшысы Роман Долидзені тұншықтыру әдісімен жеңген Энтони Эрнандес орта салмақта жетінші орынға көтерілді.
Салмақ дәрежесіне қарамастан, ерлер рейтингінің көшбасшысы болып грузин Илия Топурия қалса, әйелдер рейтингін Қырғызстан чемпионы Валентина Шевченко бастап тұр.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
