Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді
Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында жүйелі түрде мал ұрлығымен айналысқан үш ұйымдасқан қылмыстық топ анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу барысында анықталғандай, қылмыстық топ мүшелері иелері қараусыз жіберген жылқы мен ірі қара малды еркін жайылымнан ұрлап отырған. Ұрланған мал алыс жерлерге айдалып, сол жақта сойылып, еттері базарларға өткізілген.
Жедел іс-шаралар барысында күдіктілерден 55-тен астам ұрланған мал тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Ұйымдастырушылар мен сыбайластары уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша оларға 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы мүмкін.
ІІМ азаматтарды төрт түлік малды қараусыз қалдырмауға және жоғалған жағдайда бірден полицияға хабарлауға шақырады.