13.08.2025, 09:52
Жаңалықтар
Ақтауда жүргізуші әйел адамды екі баласымен бірге қағып кетті
Оқиға 10 тамыз күні кешкі уақытта болды
Фото: istockphoto.com
Ақтау қаласында 10 тамыз күні сағат шамамен 21:10-да жаяу жүргіншілер өткелінде Hyundai Elantra жүргізушісі әйел адамды екі баласымен бірге қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Балалар жарақат алып, ауруханаға түсті
Lada.kz мәліметінше, анасы дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді, ал екі бала жарақат алып, Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.
Медициналық мекеме мәліметінше:
- 2018 жылы туған бала орташа ауырлықтағы ми шайқалу диагнозымен ем қабылдауда;
- 2023 жылы туған бала жамбасының орын ауысқан сынуымен ауыр, бірақ тұрақты жағдайда.
Дәрігерлер стандарттарға сай ем-дом жүргізіп жатыр.
Көлік айыптұраққа қойылды, тергеу жүріп жатыр
Жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылып, оған Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабы бойынша (Денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соққан ЖҚЕ бұзуы) хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді