Бақыт құшағында өмір сүремін десеңіз, күн-түні тынбай даму керек, дейді әртіс
Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева тыныштықта, жайлы өмір сүру үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өнерпаз Instagram желісіндегі ресми парақшасында видео жариялап, оқырмандарын үнемі өзін-өзі дамытып отыруға шақырды.
«Достар, мен жалпы дамығанды жақсы көремін. Өзіммен жұмыс істегенді жақсы көремін. Кітап оқығанды жақсы көремін. Тіл үйренгенді жақсы көремін. Санамды басқа деңгейге көтергенді жақсы көремін. Менің түсінгенім, адам өзімен ғана жұмыс істеуі керек. Біреудің өмірін, біреудің ішкен-жегенін, қандай киім кигенін, кіммен жүргенін сөз етудің қажеті жоқ. Бақытты болып кетті ме, бақытсыз болып қалды ма, ол сіздің шаруаңыз емес. Бұл Құдайдың құзырындағы нәрсе. Ал бақыт құшағында, тыныштықта, жайлы өмір сүремін десеңіз, күн-түні тынбай даму керек», – деді Айгүл Иманбаева.
Желі қолданушылары әртістің ойтолғамымен келісетінін жазып жатыр.
«Қандай керемет айтылған сөз, осы Айгүл Иманбаева жарап тұр, ешкіммен шаруасы жоқ», «Мен де осылай өзіммен ғана арпалысып жүрген Айгүлмін, ойымыз ұқсап кетті», «Дұрыс, өзіңмен айналыс, өзгеде шаруаң болмау керек», - дейді олар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаева күйеуінен мәһрге алған сыйлығын көрсеткен болатын.