$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда 80-нен астам мұғалімнің құқығы тапталған: оларға 11 млн теңгеден астам өтемақы төленді

Еңбек құқықтары қалпына келтірілді

Атырауда 80-нен астам мұғалімнің құқығы тапталған: оларға 11 млн теңгеден астам өтемақы төленді
Фото: istockphoto.com

Атырау қаласында биыл 80-нен астам педагогтың конституциялық құқығы қорғалып, оларға 11 млн теңгеден астам өтемақы төленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Проблема қалай анықталды?

Прокурорлық тексеру нәтижесінде білім беру ұйымдарының ұжымдық шарттарында зейнет жасына жеткен қызметкерлерге алдын ала хабарлау арқылы бір лауазымдық жалақы көлемінде өтемақы төлеу талап етілгені анықталды. Алайда бірқатар мектеп пен балабақшада бұл норма сақталмаған.

Құқықтары толық қалпына келтірілді

Прокуратураның қадағалау актісінің нәтижесінде педагогтарға 11 миллион теңгеден астам өтемақы төленіп, олардың құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.

Лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

Бұл заңбұзушылыққа жол берген 33 лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жұмыс жалғасады

Қала прокуратурасы әлеуметтік салада заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы шараларды жалғастыратынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары