12 тамызға арналған болжам жарияланды
Синоптиктердің мәліметінше, 12 тамыз күні Қазақстанның екі қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануы артады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай зиянды қоспалардың жерге жақын қабатта жиналып, таралмауына себеп болатын ауа райы факторларымен байланысты.
Қолайсыз метеожағдайлар – бұл ауадағы ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіретін табиғи құбылыстар. Оларға мыналар жатады:
Бұл құбылыстар кезінде зиянды бөлшектер ауада ұзақ сақталып, шоғырланады. Соның салдарынан ауа сапасы уақытша нашарлап, әсіресе өнеркәсіптік аймақтарда және тығыз қоныстанған жерлерде тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.