$ 542.66  631.98  6.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Желтоқсанда елордада «Ақылды қала» жобасы іске қосылады

Президент бұл тәжірибені Қазақстанның барлық ірі қалаларына таратуды міндеттеді

Желтоқсанда елордада «Ақылды қала» жобасы іске қосылады
Фото: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамытуға арналған жиында Үкімет пен Астана әкімдігінің елордада «Ақылды қала» ауқымды жобасын жүзеге асыру бойынша нәтижелі жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жасанды интеллектіні дамыту айрықша маңызға ие

Жобаны ресми түрде іске қосу желтоқсан айына жоспарланған.

«Президент бұл тәжірибені Қазақстанның барлық ірі қалаларына таратуды міндеттеді. Сонымен қатар елімізде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту айрықша маңызға ие екенін ескере отырып, Үкіметті формализмнен аулақ болуға шақырды», - дейді Желдібай.

Президент алаңдаушылық білдірді

Мемлекет басшысы жасанды интеллект құралдарының экономиканың нақты секторына енгізілуі баяу жүріп жатқанына алаңдаушылық білдірген. Осы орайда Үкіметке жұмысты жедел қолға алуды тапсырған.

Еске сала кетейік, бұған дейін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстан трассаларында QR-кодпен жұмыс істейтін «ақылды» дәретханалар салынатынын хабарлаған болатын. Енді әрбір дәретханаға жеке нөмір мен QR-код орнатылады. Пайдаланушылар QR-кодты сканерлеп, арнайы чат арқылы шағым қалдыра алады.

«Біз әр дәретхананың қайда орналасқанын және оны кімнің күтіп ұстайтынын білеміз. Егер ол жалға берілген болса, ал шағым орынды болса – жалға алушыға айыппұл салынады», – дейді «ҚазАвтоЖол» мамандары.

Серіктес жаңалықтары