$ 542.66  631.98  6.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мен WhatsAPP-та отырдым»: Алматыда автобус жүргізушісі ескерту жасаған жолаушыға күш көрсетті (ВИДЕО)

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

«Мен WhatsAPP-та отырдым»: Алматыда автобус жүргізушісі ескерту жасаған жолаушыға күш көрсетті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Алматыда қалалық автобустың жүргізушісі қозғалыс кезінде телефон пайдаланғаны үшін ескерту жасаған жолаушыны ұрып жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық қоғамдық көлікте тағы бір жағымсыз оқиға болып, желіге тарады. Бұл жолы камераға қозғалыс кезінде телефонына қарап отырған автобус жүргізушісі түсіп қалды. Оған ескерту жасаған жолаушымен арадағы жанжал төбелеске ұласты.

Жас жігіт жүргізушінің телефонмен сөйлесіп, құрылғыны қолында ұстап, үнемі экранына қарап отырғанын байқаған. Ескерту айтылған сәтте жүргізуші дөрекі жауап беріп, жолаушының қолындағы телефонды ұрып жіберген әрі оны салоннан итеріп шығармақ болған.

«Мен WhatsAPP-та отырдым», – дейді автобус жүргізушісі.

Алматы қалалық Полиция департаменті агенттікке берген түсініктемесінде аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Оқиғаға қатысушылардың жеке тұлғалары анықталды. Жүргізушінің әрекетіне заңнама талаптарына сәйкес түбегейлі құқықтық баға беріледі», – деді ведомство өкілдері.

Серіктес жаңалықтары