Оны полиция қызметкерлері құтқарып қалды
Орал қаласында әйел адам бес қабатты тұрғын үйдің шатырынан секірмек болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ІІМ мәліметінше, «102» қызметіне Қонаев көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің шатырынан секірмек болған әйел туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері – Тұрарбек Бақдәулет пен Дамир Серіков дереу шатырға көтеріліп, әйелді дер кезінде құтқарып қалды.
Полицейлер мен құтқарушылардың кәсібилігінің нәтижесінде қайғылы жағдайдың алды алынды.
Қазіргі уақытта әйелдің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.