$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда автобустың кенет тоқтауынан зейнеткер мойын омыртқасын сындырып алды

Тасымалдаушы компания өтемақы төлеуге міндеттелді

Қостанайда автобустың кенет тоқтауынан зейнеткер мойын омыртқасын сындырып алды
Фото: istockphoto.com

Қостанай қалалық соты қоғамдық көлікте жарақат алған зейнеткердің моральдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісін қарап, тасымалдаушы компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қостанай облыстық сотына сілтеме жасап.

Автобустағы апат ауыр жарақатпен аяқталды

Оқиға 2024 жылдың тамыз айында маршруттық автобуста болған. Жолаушы әйел жүргізуші кенеттен тежегішті басқанда қатты құлап, мойын омыртқасын жабық түрде сындырып, ауыр жарақат алған. Жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетпес үшін автобусты бірден тоқтатуға мәжбүр болған.

Медициналық сараптама бұл жарақатты денсаулыққа ауыр зиян деп бағалады.

Жүргізуші ем-домға өз еркімен қаражат берген

Сот мәліметінше, автобус жүргізушісі зардап шеккен зейнеткердің емделуіне 300 000 теңге мөлшерінде ерікті түрде ақша төлеген. Алайда жәбірленуші моральдық зиянды өтеуді де талап етіп, компанияны сотқа берген.

Сот шешімі: моральдық зиян үшін 200 мың теңге өндірілді

Сот шешімінде:

«Азаматтық кодекске сәйкес, жоғары қауіптілік көзі келтірген зиян үшін кінәсіз-ақ жауапкершілік қарастырылған. Оқиғаның мән-жайларын және жүргізушінің өз еркімен жасаған төлемін ескере отырып, сот Тасымалдаушы компания – «Ж» ЖШС-дан 200 000 теңге мөлшерінде моральдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды», – делінген.

Серіктес жаңалықтары