Қазақстанда төрт ай ішінде 1-сыныпқа қанша бала қабылданғаны белгілі болды

Автор: Асыл Арман

Бүлдіршіндерді метепке қабылдау биыл 1 сәуірден бастау алған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда төрт ай көлемінде 1-сыныпқа қанша бала қабылданғанын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүлдіршіндерді метепке қабылдау биыл 1 сәуірден бастау алған.

«2025 жылғы 1 сәуірден бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды. Бүгінге дейін еліміздің мектептеріне 312 000 бала қабылданды, олардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған», – делінген ведомство хабарламасында.