Абай облысында жаңа тасжол ашылды
Ұзындығы 71,77 шақырым болатын учаскеге асфальтбетон жамылғысының үстіңгі қабаты толықтай төселді

Абай облысында республикалық маңызы бар автожолдың маңызды учаскесі ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы-Өскемен бағытындағы жол жаңартылды
ҚазАвтоЖол мәліметінше, ашылған учаске – KAZ08 «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы (Өбе өткізу пункті)» бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдың 615-685 шақырым аралығы. Оған Сарқан мен Аягөз айналма жолдары, сондай-ақ Мұқыры асуына кіреберіс жол кіреді.
72 шақырымға жуық жол толық жаңартылды
Ұзындығы 71,77 шақырым болатын учаскеге асфальтбетон жамылғысының үстіңгі қабаты толықтай төселді. Жол магистральді қайта жаңғырту жобасының бірінші іске қосу кешені аясында пайдалануға берілді.
Қайта жаңарту аясында атқарылған жұмыстар:
- Жаңа көпір және жол өткелі салынды;
- 29 су өткізгіш құбыры орнатылды;
- Қосылу нүктелері мен қиылыстарда 52 су өткізгіш құбыры қойылды;
- 20 кіреберіс жол салынды;
- 143,4 мың метр бойлық жиек нығайтылды;
- Ақпараттық арка орнатылды;
- 43,19 шақырым тосқауылдық қоршаулар қойылды;
- 452 жол белгісі орнатылды;
- 1,65 шақырым қардан қорғайтын қоршаулар тұрғызылды.
Жаңа жол – қауіпсіздік пен байланыс кепілі
Аталған учаскенің жаңартылуы мынандай мүмкіндіктер береді:
- Көлік өткізу қабілетін арттырады;
- Қозғалыс қауіпсіздігін жақсартады;
- Елдімекендер арасындағы жол жүру уақытын қысқартады;
- Және өңірлер арасындағы көлік логистикасын жақсартады.