Қызылордада терроризмді насихаттаған әйел адам 7 жылға сотталды
TikTok арқылы тыйым салынған діни мазмұнда мәліметтер таратқан

Қызылордада 39 жастағы әйел дінаралық араздықты қоздырып, терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, әйел деструктивті діни ағымның жақтаушысы болған және TikTok желісінде экстремистік бағыттағы аудио-видео материалдарды жариялап отырған.
Оперативті-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҰҚКД қызметкерлері тарапынан қолға түсті.
Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (араздық қоздыру) және 256-бабы (терроризмді насихаттау) бойынша тергеу жүргізіліп, сараптамалар тағайындалған. Сот үкімімен әйел кінәлі деп танылып, Қызылорда қалалық соты оны 7 жылға бас бостандығынан айырды.