Белгілі режиссер Анатолий Мищенко өмірден өтті

Автор: Мөлдір Қазыбай

Деректі фильмнің алтын дәуірін жасаған тұлға 82 жасында дүниеден озды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанның еңбек сіңірген кинооператоры әрі деректі фильм режиссері Анатолий Мищенко 82 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Марқұмның қазасына орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі көңіл айтып, режиссердің отбасына және жақын туыстарына қайғыра көңіл айтты.

Анатолий Васильевичтің шығармашылық жолы 1969 жылдан бастап «Қазақфильм» киностудиясымен тығыз байланысты болды. Ол студияда алдыңғы қатарлы кинооператор әрі деректі фильмдер режиссері ретінде еңбек етті. Режиссер одақтық деңгейдегі жоғары санатты маман мәртебесіне ие болған.

Анатолий Мищенко 80-нен астам деректі фильм түсіріп, олардың көбі отандық кино өнерінің алтын қорына енген. Ең танымал туындылары қатарында:

Большой Капчагай», «Добро пожаловать в Алма-Ату!», «Неравнодушная природа», «Вечерний город», «Первые цветы», «Медео: дни и ночи мужества», «Легенда о бессмертии» сынды фильмдер бар.

«Мәдениет және ақпарат министрлігі Анатолий Васильевичтің туыстарына қайғыра көңіл айтады», — делінген ресми хабарламада.