$ 539.38  629.46  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде 50 млн теңгенің көліктеріне қатысты ірі алаяқтық әшкереленді

Күдіктілер жаңа премиум көліктерді заңсыз иемденген

Ақтөбеде 50 млн теңгенің көліктеріне қатысты ірі алаяқтық әшкереленді
Фото: Видеодан скрин

Ақтөбе қаласында автокөлік жеткізу қызметін ұсынамыз деген желеумен жасалған ірі алаяқтық қылмыстың беті ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанайдан үш жаңа премиум санаттағы автокөлікті жеткізуге уәде берген күдіктілер көліктерді заңсыз иемденіп кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 50 миллион теңгеден асты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында төрт күдікті ұсталды. Олардың барлығы Ақтөбе облысының тұрғындары болса, екеуі бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тінту кезінде айғақты заттар тәркіленіп, ұрланған көліктер иесіне қайтарылды.

Қазір бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ІІМ өкілдері азаматтардың қауіпсіздігіне төнген кез келген қатерге жедел әрекет ететінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары