$ 539.38  629.46  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті: әкімдік дайындық қалай жүріп жатқанын айтты

Концерт 10 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтеді

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті: әкімдік дайындық қалай жүріп жатқанын айтты
Фото: instagram.com/onthejlo

Әйгілі америкалық әнші Дженнифер Лопес 10 тамыз, яғни жексенбі күні Алматыда концерт өткізеді. Қала әкімдігі дайындық барысы қалай жүріп жатқаны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкімдік мәліметінше, Орталық стадион аумағындағы ұсақ құрылыс және жөндеу жұмысы 9 тамызға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Жарық беру жүйесі жаңартылып, 50-ден астам прожектор ауыстырылды.

«Сондай-ақ дезинсекция және санитарлық тазалау жүргізілді, санитарлық-гигиеналық тораптар жаңартылды, қоршаулар қалпына келтірілді, стадион маңы абаттандырылды», – деп нақтылады әкімдік.

Қазір сахнаның техникалық жабдықталуы мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексеріліп жатыр.

«Бұл концерт – Алматы үшін маңызды оқиға. Оның қалай өтетіні қаланың халықаралық имиджіне әсер етеді. Сондықтан барлық нюансты ескеру қажет. Мұндай шаралар Алматыға әлем назарын аудартуға мүмкіндік береді, бұл туризмді дамыту үшін де маңызды», – деді қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдбеков.

Сондай-ақ концерт кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2960 адам жұмылдырылады. Қонақтардың жайлылығы үшін арнайы бағыттар бойынша 50 автобус қатынайды. Қоғамдық көлік Абай, Сәтбаев және Байтұрсынов көшелерімен жүретін болады. Бағытты көрсететін навигациялық белгілер мен LED-экрандар орнатылады.

Серіктес жаңалықтары