«Балқадиша» әнін айтып, TikTok жұлдызына айналған бозбала клип түсірді (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Әннің видеосы YouTube желісінде жарияланды

Фото: Видеодан скрин

Осыдан бірнеше ай бұрын Ақан серінің әйгілі «Балқадиша» әнін айтып, TikTok жұлдызына айналған бозбала Иса Бекболат жуырда клип түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде тараған видеода Атырау қаласында тұратын Бекболат Иса жаттықтырушысымен бәстесіп, жеңіліп қалғаны, соның өтемі ретінде «Балқадиша» әнін орындаған.

Оның өнеріне тәнті болған желі қолданушылары түрлі жылы лебіздерін білдіріп, болашағына сәттілік тілеп жатты.

Арада көп ұзамай әнші Димаш Құдайберген Алматыда өткен концертіне арнайы шақырып, дүйім жұрттың алдында «Балқадиша» әнін орындауға мүмкіндік сыйлады.

Жас талант санаулы күн бұрын Ақан серінің әйгілі әніне арнап өзінің бейнеклипін жариялады.

Желі қолданушылары жезтаңдай әншінің өнеріне жоғары баға беріп жатыр.

«Жарайсың! Дүйім жұртты сүйсіндірген қазақтың ұлы бол! Атыраулықтар сенімен бірге!», «Өркенің өссін», «Керемет, жарайсың бауырым! Жаратқан тіл-көзден сақтасын!», «Жарайсың, талабың таудай, өнерің үстем болсын!», «Иірімдері әдемі! Көз тимесін», «Әп бәрекелді! Исажан, тіл-көзден аман жүр!», «Әлемге танымал, әлем мойындайтын әнші бол. Ата-анаң аман болсын!» – деп жазды желі қолданушылары.