07.08.2025, 16:15
Жаңалықтар
Тоқаев Қазақстанның Таиландтағы елшісін тағайындады
Ақорда ресми хабарлама таратты
Фото: ҚР СІМ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Таиландтағы елшісін тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды.
Ол 1974 жылғы 6 қыркүйекте Алматы облысында өмірге келген.
- Білімі: Польшадағы Краков Экономикалық университеті
- Ұлыбританияның Хертфордшир университеті,
- Канаданың Ванкувер университетін бітірген.
II сыныпты төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.
Поляк, неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды