Қазақстанда Абай есімді әйел адамдар да бар: олардың саны белгілі болды
Елімізде Абай есімді 18 763 адам тұрады

Биыл Қазақстанда ұлтымыздың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осыған орай Ұлттық статистика бюросы оның есімімен байланысты қызықты деректерді жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанда қанша адамға Абай есімі қойылған?
Бүгінде елімізде Абай есімді 18 763 адам тұрады. Бұл есім иелерінің ең көп шоғырланған өңірлері:
- Астана қаласы – 2 089 адам;
- Түркістан облысы – 2 018 адам;
- Алматы қаласы – 1 719 адам.
Абай есімді жасы үлкен азамат 1932 жылы туған. Ал бұл есім ең жиі кездесетін жас тобы – 30-34 жас аралығы (3 228 адам).
2025 жылдың алғашқы жартысында 157 нәрестеге Абай есімі берілген.
Абай есімі – тек ер балаларға ғана берілмейді
Бұл есімді қыз балаларға да берген жағдайлар болған – Қазақстанда Абай есімді 10 әйел тіркелген.
Ибраһим есімі туралы
Абайдың шын есімі – Ибраһим. Бұл есімнің түрлі нұсқаларымен (Ибраһим, Ибрагим, Ибрахим) елімізде 35 404 адам өмір сүріп жатыр.
Абай есімі елді мекендерге де берілген
Қазақстанда Абай есімімен аталатын елді мекендер:
- 1 облыс;
- 1 қала;
- 3 аудан;
- 26 ауыл.