Атырауда үлескерлердің ақшасын қабылдаған құрылыс компаниялары жазаланды

Автор: Асыл Арман

Олар осы бағытта арнайы жарнама жариялаған

Фото: ЖИ арқылы жасалды

Атырау қаласында тұрғын үй құрылысына үлескерлердің қаражатын заңсыз қабылдау жөнінде жарнама жүргізген 10 құрылыс компаниясы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде кінәлі заңды тұлғалар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 320-бабының 1-бөлігі бойынша (үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы көлемі 10,6 млн теңге айыппұл салынды.

Қала прокуратурасы азаматтарға үлестік құрылысқа қаражат салмас бұрын құрылыс салушының лицензиясы, жер теліміне құқық белгілейтін құжаттары және құрылысқа рұқсат құжаттарының бар-жоғын мұқият тексеруге кеңес береді.