$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екібастұзда «Богатырь Көмір» кәсіпорнының машинисі тоққа түсіп, көз жұмды

Қайғылы оқиға 5 тамыз күні болды

Екібастұзда «Богатырь Көмір» кәсіпорнының машинисі тоққа түсіп, көз жұмды
Фото: samruk-energy.kz

Екібастұзда қайғылы жағдайда тепловоз машинисі көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысы бойынша Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Абылай Сабыровтың мәліметінше, «Богатырь Көмір» кәсіпорнының тепловоз машинисі 5 тамыз күні қаза тапқан.

«Ауыр зардапқа әкелген жазатайым оқиға болды. Қазір арнайы тергеу жұмысы ұйымдастырылып жатыр. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталатын болады», – деді Абылай Сабыров.

Алдын ала болжам бойынша, өлімге ток соғуы себеп болуы мүмкін. Дегенмен, нақты қорытындыны сот-медициналық сараптама береді.

«Богатырь Көмір» компаниясы машинистің қаза тапқанын растады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем тобы марқұмның сол жерде көз жұмғанын анықтаған.

Кәсіпорын қаза тапқан азаматтың отбасына тергеу нәтижесіне қарамастан барлық қажетті көмек көрсететінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары