Олар ластаушы заттардың ауада таралуына кедергі келтіріп, шоғырлануына ықпал етеді
Синоптиктердің мәліметінше, 7 тамыз күні еліміздің үш қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлану деңгейі жоғары болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жағдай зиянды қоспалардың жер бетіне жақын қабатында жиналып, ауада таралмауына әкелетін бірқатар метеорологиялық фактордың үйлесуімен байланысты.
«2025 жылдың 7 тамызында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Ақтөбе қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Атырау қаласында күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл мынадай ауа райы құбылыстары:
Олар ластаушы заттардың ауада таралуына кедергі келтіріп, шоғырлануына ықпал етеді. Бұл, әсіресе тығыз құрылыс аймақтарында немесе өндірістік орындарда ауа сапасының уақытша нашарлауына алып келеді.