Полицейлер әлеуметтік желіні мониторингілеу барысында анықтады
Түркістан облысында той кортежін ұйымдастырып, айналасына қауіп төндірген бірнеше жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция қызметкерлерінің әлеуметтік желіні мониторингілеу барысында Түркістан облысындағы бірнеше автокөлік жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзғаны туралы видеоны анықтады.
Белгілі болғандай, бұл жағдай Сауран ауданында қыз ұзату тойы кезінде болған. Mercedes-benz, Toyotar және Nexia 5 жүргізушілері жазаланып, көліктері айыптұрағына қойылды.
Құқық бұзушылар авариялық жағдай жасағаны, жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамағаны, көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз басқарғаны, маневр жасау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ көлік құралдарына зақым келтіргені үшін жауапкершілікке тартылды.