«Қайрат» өз алаңында «Слован» командасын жеңді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Матчта жалғыз гол соғылды

Фото: instagram.com/f.c.kairat/

Алматының «Қайрат» футбол командасы өз алаңында Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Словакияның «Слован» ұжымымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Матчта жалғыз гол 90+6 минутта соғылды. Оны пенальтиден жас талант Дастан Сәтпаев соқты.

Жіберілген голдан кейін «Слован» командасының бас бапкері Владимир Вайстың жүйкесі сыр беріп, іс-әрекетіне байланысты төреші оны алаңнан қуып жіберді. Енді қарымта матчта «Слован» командасы бапкерсіз ойнайды.

Айта кетейік, қос команда арасындағы жауапты кездесу 12 тамыз күні Братиславада өтеді.