Қайғылы оқиға 1 тамызда болды
Абай облысында Холодный Ключ ауылы маңында суға кеткен баланы іздеу жұмысы әлі жалғасып жатыр. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
1 тамыз күні сағат 14:44-те «112» жедел қызметіне баланың суға кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, бала жүзуге арналмаған және шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен.
Хабарлама түскен бойда жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу іздестіру жұмысына кіріскен. Алайда барлық күш пен техника жұмылдырылғанына қарамастан, бүгінге дейін бала табылған жоқ.
Қазіргі уақытта іздеу жұмысы жалғасып жатыр. Оған 11 құтқарушы, 5 жүзу құралы, 1 эхолот, 1 суасты камерасы жұмылдырылған.