Ол ресми парақшасында мәлімдеме жасады
Қазақстандық әнші Бақтияр Мамедов (лақап аты – Jah Khalib) ел ішіндегі гастрольдік турын тоқтату немесе кейінге шегеру жоспарын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өз мәлімдемесінде ол Қазақстанда өтетін алдағы концерттерге баруды жоспарлағандардың барлығына үн қатты.
«Өкінішке қарай, бұл турды не тоқтатуға, не кейінге қалдыруға мәжбүр екенімді хабарлаймын (егер күте алсаңыздар). Бұған себеп – жаңа туған қызымның отадан кейінгі халінің ауырлығы. Қанша тырыссам да, сахнаға шығуға шамам жоқ. Әрі дәл қазір маған ерекше мұқтаж болып отырған әйелімнің жанында болуым керек», — деді Бахтияр Мамедов.